ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға арналған Үкімет отырысы барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімін рейтинг қумай, жүйелі жұмыс істеуге шақырды.

Осы орайда Премьер-Министр әлеуметтік маңызы зор тауарлардың бағасын тұрақтандыруда жүйелі жұмыс істеу керектігін еске салды.
«Ерік Хамзаұлы, дауласып, саудаласудың қажеті жоқ, жүйелі жұмыс қажет. Екіншіден, бізде мына-мына туарлардың құны республикалық деңгейден төмен деп салыстыруыңыз дұрыс емес, тек өз өңіріңізге, өз өңіріңіздегі өмір сүру деңгейіне және өз бағаларыңызға жауап беріңіз», — деді Б.Сағынтаев.