jasqazaq.kz

Алматыда атыс шығарған ер адам өз әрекетін түсіндірді

11 шiлде 2022, 10:26

Алматыда қару асынған ер адам неге атыс шығарғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қаласының полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, сағат 22.00 шамасында 102 пультіне Алматының Алатау ауданының тұрғын үй секторында жүрген қарулы ер адам туралы хабарлама келіп түскен.

«Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында патрульдік полиция күшімен тұрғын үй қоршалды. Арнайы бөлімше қызметкерлері күдіктіні ұстады. Бұл М. есімді азамат, 1985 жылы туған, осы шағын ауданның тұрғыны. Бұл ер адам өз атына тіркелген тегіс ұңғылы аңшылық мылтықпен қаруланған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Ер адам әйелімен жанжалдасқаннан кейін осындай әрекетке барғанын айтып, түсіндірді. Ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде