jasqazaq.kz

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмысшы асылып қалған

06 шiлде 2022, 15:39

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында мердігер компанияда еңбек ететін жұмысшы суицид жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Теңіз – еліміздегі ең ірі кен орны. Онда қазақстандық компанияларға қоса, шетелдіктермен бірлескен бірнеше кәсіпорын мердігерлік жұмысқа тартылған. Сондай компанияның қатарында «Сенімді құрылыс» ЖШС бар. Аталған серіктестікте жүздеген адам жұмыс істейді. Серіктестіктің бір жұмысшысы 5 шілдеде түнгі мезгілде өзіне қол жұмсағаны анықталып отыр.

«Біздің компанияға мердігер кәсіпорын – «Сенімді құрылыс» ЖШС қызметкерлерінің бірі тіршілік белгілерінсіз табылғаны туралы хабар берілді. Бұл туралы тиісті мемлекеттік органдарға дер кезінде хабарланды», — деп мәлімдеді «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметінен.

Түнгі ауысымға шығып, жұмыс орнында асылып қалған жұмысшының жасы 28-де. Оның денесін бірге жұмыс істейтін әріптестері тауып алған. Жұмысшының өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған дерекке байланысты тексеру мен тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде