jasqazaq.kz

Шымкенттік робототехник оқушылар ұлттық чемпионатта үздік атанды

05 шiлде 2022, 15:49

Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы World Robot Olympiad аясында өткен робототехника бойынша республикалық чемпионаттың қорытындысы шықты. Менің роботым – менің досым» атауымен өткен ұлттық олимпиадада жас робототехниктер төрт санат бойынша бақ сынасты: Future Engineers, RoboMission, Future Innovators және RoboSports.

Олимпиада Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті.

Өңірлік жарыстардың нәтижелері бойынша аталған байқауға Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Сартаев Санжар мен Тайжанов Нурбек қатысып, RoboMission (Junior) тобы санаты бойынша жүлделі ІІ орын иегері атанды.

Олар Robomission санаты бойынша (Junior) тобы, яғни 14-15 жастағы жеткіншектермен жарысқа түсті. Сайыста командалар күнделікті өмірде адамға қамқорлық танытып, құтқара алатын немесе қызмет көрсететін роботтарды құрастырған.

Сондай-ақ Шымкент қаласынан ұлттық чемпионатта Шымкент IT-мектеп лицейінің жас робототехниктері Нұрасыл Есбол мен Мейіржан Жақсылық бақ сынады. Олар жасап шығарған бионикалық қол протездерінің басты ерекшелігі – жасанды интеллект негізінде әзірленген қолғап арқылы иілу датчигі мен саусақ қимылдарын қайталау жүйесі кондырылған.

Робототехника мен жасанды интеллект күн сайын әлемді өзгертуде. 2022 жылғы байқаудың басты мақсаты – роботтардың адамзатқа қалай қызмет ете алатындығы мен оларды адамзат игілігіне жарату қағидаларына мән берілді.

Биылғы чемпионатқа барлық өңірден 109 команда қатысқан. Олар ең әуелі аумақтық байқауда бақ сынасып, жеңімпаз болып, республикалық чемпионатқа жолдама алған. Республика чемпионатында жеңімпаз атанған оқушылар ендігі кезекте оқу жаттықтыру жазғы мектебіне қатысып, олимпиаданың халықаралық бәйгеге дайындықты бастайды.

Айта кетсек, халықаралық WRO-2022 чемпионаты 2022 жылдың 17-19 қарашасында Германия мемлекетінің Дортмунд қаласында өтуі жоспарланып отыр.

World Robot Olympiad (WRO) – Халықаралық роботтар сайысы немесе Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы – 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылатын чемпионат. Алғашқы фестиваль 2004 жылы Сингапурда өтті. Бүгінгі таңда олимпиада географиясы 50 елді қамтиды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2014 жылдан бастап World Robot Olympiad-тың Қазақстандағы ұлттық үйлестіруші ретінде қызмет атқарады.

Тоқтар Жақаш

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде