jasqazaq.kz

Жер қойнауын өз бетінше пайдаланғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

29 маусым 2022, 11:39

Бұдан былай Жер қойнауын өз бетінше пайдаланғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәжілісте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қылмыстық кодекске осындай түзету енгізуді ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қылмыстық кодекстің «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану», яғни, 334-бабында жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және жер қойнауын заңсыз өндіруге жол бермеу мақсатында 334-баптың 1-бөлігі «қылмыстық теріс қылық» санатынан «қылмысқа» ауыстырылып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны енгізу арқылы санкция күшейтіледі. Осы баптың 2-бөлігінің санкциясы да 3 жылдан 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаңдату арқылы өзгертілді. Осы баптың 1-бөлігінің диспозициясына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын қалыптастыру үшін келтірілген залал мөлшерінің шегі, яғни ірі мөлшерден елеулі залалға дейін төмендетілді. 3-бөлімде ерекше қорғалатын табиғи аумақта аса ірі залал келтіргені үшін жазаның неғұрлым қатаң түрін қарастыру ұсынылады», — деді министр.

Оның айтуынша, «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» кодекстің 340-бабында «теріс қылық» санатынан «қылмыс» санатына ауыстыру туралы өзгерістер енгізілген.

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу» 342-бабының 1-бөлігі күшейтіледі және біліктілік белгілері бөліне отырып, 3 және 4-бөліктермен толықтырылады, сондай-ақ аса ірі залал келтірген әрекеттер үшін жауапкершілік көзделеді», — деді Серікқали Брекешев.

Бұған дейін аталмыш ведомство Ұлттық парктерде 685 шақырымдық туристік маршрут жасалғанын хабарлаған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде