jasqazaq.kz

Журналистер арасында спартакиада өтті

26 маусым 2022, 16:34

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Қажымұқан атындағы орталық стадионда журналистер арасында жыл сайын дәстүрге айналған спартакиаданың ресми ашылуы өтті.

БАҚ өкілдерін төл мерекесімен құттықтауға келген Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан спорттық бәсекені ашып берді.

Спартакиада қоғам қайраткері, белгілі азамат Оңтүстік журналистерінің абызы болған Байдулла Қонысбекті бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

–Қадірлі әріптестер, тағдырдың жазғанына шара жоқ. Көпшіліктің құрметіне бөленген абыз журналистің қазасы бәріміздің қабырғамызға батады. Байдулла ағамыз журналистика саласында артында үлкен мұра қалдырды. Журналистика мамандығы маған өте жақын. Себебі мен де қолыма қалам ұстап, 7 жыл осы кәсіптің нанын жедім. «Отымен кіріп, күлімен шықтым» десем болады.
Спорт–журналистердің айнымас серігі. Осыған орай бұл жолғы спартакиадаға мегаполистің БАҚ өкілдерінен құралған бірнеше команда бақтарын сынамақ. Барлығына тек сәттілік тілеймін. Мереке құтты болсын! — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға биыл Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы бақ өкілдері бірге қатысып отыр. Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы шығармашылық және достық қарым-қатынастарды нығайту, бұқаралық спортты дамыту. Спартакиада Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен өтуде. Жеңімпаз командалар мен журналистер арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Спартакиадаға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетуде.

Спартакиаданың алғашқы жарысы волейбол ойындарынан басталды. Үш күнге созылатын спорттық іс-шарада 11 команда волейбол, шахмат, футбол, үстел теннисі, бильярд және арқан тарту бойынша жүлделі орындарға таласады.

Спартакиаданың алғашқы күні волейбол мен шахматтан бақ сынады. Қыздар арасында шахматтан,«Панорама Шымкента» газетінің тілшісі Наталья Хайкина Малышева жүлделі І орынды иеленді.

Футболдан 1-орын — Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығы, 2-орын – «Ернұр» корпорациясы, 3-орын — «Рейтинг-Собкор» ұжымы.

Арқан тартудан 1 орын – «Оңтүстік» телеарнасы; 2 орын – «Шымкент келбеті» газеті; 3 орын – «Рейтинг Собкор» ұжымы.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде