jasqazaq.kz

Семейде битке қарсы дәрі өлімге әкеп соқты

19 қыркүйек 2016, 21:06

Семейде битке қарсы препараттан 8 жасар қыз көз жұмды. Оның шашындағы паразиттердің көзін жоймақ болған анасы Қытайдың уыттылығы жоғары диазинон деген дәрісін сепкен екен. Бала содан бірер минуттан кейін есінен танып құлаған.

Оқыс оқиғадан есі шығып кеткен әйел жедел жәрдем шақырудың орнына, таныстарына хабарласып уақыт жоғалтыпты. Дәрігерлер жеткенше комаға түсіп қалған қызды құтқару мүмкін болмады. Тіпті жансақтау бөлімінде жасалған шаралардың пайдасы тимеген. Өйткені, диазинон уыттылығы жағынан екінші санатқа жатады екен. Сондықтан адамдарға қолдануға болмайтын түрі болып шыққан. Мамандар оны малдың өзіне пайданалар алдында қажетті мөлшерде су араластыру керек дейді. Өкінішке қарай, шешесі дәрінің сыртындағы анықтаманы оқымаған сыңайлы.

«Бұл препаратты ветеринарлық дәріханаларда сатады. Ал оны баланың шашына сепкен уақытта ауыр аллергиялық реакция пайда болған. Сондықтан қуаты жоғары диазинон жәндіктердің ғана емес, қыздың да өліп кетуіне себеп болды. Негізі, оны кенелер мен басқа да зинянкестерді улау үшін ғана қолдану керек», — дейді Семей қалалық жедел жәрдем станциясының дәрігері Балжан Әлмағамбетова.

Дереккөз: КТК

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде