jasqazaq.kz

Таразда жантүршігерлік оқиға болды

10 маусым 2022, 15:04

Таразда әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген. Дәрігерлер 47 жастағы ер адамның өмірі үшін бір тәулікке жуық күрескен, бірақ оны құтқара алмаған, — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Дәрігерлер қаладағы жатын аудандардың бірінде болған оқиға туралы бірінші болып білген. Пышақ жарақатын алып, қан-жоса болып жатқан ер адам жедел жәрдеммен дереу жансақтау бөліміне жеткізілген. Ол сол кезде ес-түссіз болған.

Полицейлер қылмыскерді тапқан. Ол 43 жастағы әйел болып шыққан. Ол бәрін мойындаған. Бірақ қылмыстың анық-қанығы әлі ашылмаған.

«Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», — деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде