jasqazaq.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS WUR рейтингінде 150-орынға көтерілді

09 маусым 2022, 15:18

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR халықаралық рейтингінде кезекті рет жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Бір жылда университет Топ-200 ішінде 25 позицияға жоғарылап, 175-орыннан 150-орынға көтерілді.

Әлемнің үздік университеттерімен бір қатарға орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық позициясын дәлелдеді.

ҚазҰУ-дың үлкен жетістіктерге қол жеткізуі әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялану жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

ҚазҰУ-дың жаңа табысы – іскерлік басшылықтың, оқытушылар, ғалымдар мен білім алушылардың қарқынды жұмысының жемісі.

Бұл университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің және халықаралық білім, ғылым кеңістігіндегі танымалдылығының айқын көрсеткіші.

Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) халықаралық рейтингінің ресми нәтижелері 2022 жылдың 8 маусымында жарияланды.

Бұл рейтингке дүниежүзінің 2462 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде тек 1422 ЖОО ғана тиісті дәрежелерге ие болды.

QS WUR әлемнің үздік университеттерінің рейтингі 2004 жылдан бастап жарияланып келеді.
QS WUR рейтингінде әлемнің үздік университеттерін бағалау алты критерий негізінде жүргізіледі:

Академиялық бедел – 40 пайыз;
Жұмыс берушілер арасындағы бедел – 10 пайыз;
Оқытушылар құрамының студенттер санына арақатынасы – 20 пайыз;
Дәйексөздер индексі – 20 пайыз;
Шетелдік оқытушылардың үлесі – 5 пайыз;
Шетелдік студенттердің үлесі – 5 пайыз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде