jasqazaq.kz

Қостанайлық тұрғын досын өлтіріп, денесін екі ай бойы үйінде сақтаған (Видео)

08 маусым 2022, 22:19

Досын өлтіріп, мәйітін екі ай бойы үйінде ұстаған адам сотталды, деп хабарлады Хабар 24.

Қостанайлық тұрғын былтыр желтоқсан айында досымен төбелесіп, оны темір құбырмен ұрып өлтірген. Келесі күні мәйітті жазғы ас үйде жасырған. Туыстары мен полицейлердің жәбірленушіні іздеп жатқанын естіп, денені үйінен 300 метр жерде қармен көміп тастаған.
Прокурорлар күдіктіге қатысты 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сот бұл талапты толық қанағаттандырды.

Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа төрт миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді.

«Алтынсарин аудандық соты қасақана адам өлтіргені үшін аудан тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Жәбірленуші тарапқа мүліктік зиян мен моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Едікова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде