jasqazaq.kz

Қостанайда қос қабатты үй өртеніп, екі адам тірідей жанып кетті

06 маусым 2022, 17:43

Қостанай қаласында 6 маусымға қараған түні Абай даңғылындағы екі қабатты үй өртеніп кетті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Марқұмдардың көршілері өрттің түн ортасы шамасында басталғанын айтты. Өрт сөндірушілер келгенше жалын бүкіл үйге жайылып, 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Сонымен қатар көршілес екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры мен тіреуіштері де жартылай жанып кеткен.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өртті 01:15-те оқшаулау мүмкін болды. 02:26-да толығымен өшірілген. Өрт болған жерден 1972 және 1984 жылы туған екі ер адамның мәйіті табылды.

«Қазір арнайы мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайды жоюға Қостанай қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің 34 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілерге көмектесу үшін қаланың коммуналдық қызметтері мен «Қазақстан темір жолы» кәсіпорны үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін техника берді», — деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД өкілдері 2021 жылғы 5 наурызда жеке тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша халықпен профилактикалық жұмыс жүргізу барысында рейд ұйымдастырған. Сол кезде аталған мекенжайда тұратын тұрғындарға нұсқаулық беріліп, жадынамалар табыс етілген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде