
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды, деп хабарлады Қазақпарат.
«3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты», — деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.