jasqazaq.kz

Синоптиктер: Алматы тауларында нөсер жауып, арты қарға ұласады

02 маусым 2022, 10:47

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство туристер мен тауда серуендеуді ұнататындардан қазірше тауға шықпай тұра тұруды сұрады.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі:

2 маусымда Алматының тауларында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 3 маусымда нөсер, биік таулы аймақтарда қар күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Құтқарушылар «112» сигналдарына, дабылдарға және бұқаралық ақпарат құралдарынан, теледидардан, радиодан тарайтын хабарламаларға құлақ асуға кеңес берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде