Бүгін Алматыдағы «Жетісу» қонақ үйінің маңында оқ атқан екі жас жігіт ұсталды. Бұл туралы, tengrinews.kz хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша атыстан кейін полицейлер 20-25 аралығындағы екі жас жігітті ұстап, алып кеткен. Қазіргі таңда оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осы оқиғаға қатысты Алматы қалалық ІІБ ешқандай ресми мәлімет таратпады.

tengrinews.kz