jasqazaq.kz

ҰҚК Қырғыз елінен мәйіті табылған сарбазға қатысты мәлімет таратты

11 сәуiр 2022, 13:23

Биылғы 10 сәуірде ҰҚК Шекара қызметі 2 наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишовты іздеу барысында оның мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағын қамтыған, оның ішінде Бердишовтың туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шараларының елеулі кешені іске асырылды. Мемлекеттік шекараны ықтимал кесіп өтуін тексеру үшін Қырғыздың шекара ведомствосы хабардар етілді.

«9 сәуірде Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады. Келесі күні ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен табылған заттардың орнын қарау үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Ұ.А. Бердишовтың мәйіті табылды. Осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады. Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ», — делінген хабарламада. 11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды.

«Ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығы мен жеке құрамы Ұ.А. Бердишовтың туғандары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтады. Қазіргі уақытта Шекара қызметі оларға барлық жағынан, оның ішінде жерлеу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша қажетті қолдау көрсетуде», — деп жазылған баспасөз қызметінің мәліметінде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде