jasqazaq.kz

Қытайдан әкелінген 585,6 млн теңгенің контрабандалық тауары әшкере болды

08 сәуiр 2022, 13:52

Қытайдан тауар тасымалдайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі 585,6 млн теңгенің контрабандалық тауарын алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайты жазды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы 2-бөлігінің 1,4,5-тармақтарында көзделген экономикалық контрабанда фактісі бойынша «Group of the Companies TDA» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кәсіпорынның барлық операциялық жұмыстарын осы ЖШС директоры жүргізді. Қытайдан Еуразиялық кеден одағының кедендік аумағына заңсыз тасымалданған тауарлардың жалпы құны 585 617 144 теңгені құрады», — деп жазады агенттіктің ресми сайты.

Кәсіпорын бұл тауар үшін бюджетке 125 244 847 теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар төлеуі керек болған.

«Биылғы жылдың 31 наурызында Алматы қаласының арнаулы ауданаралық тергеу соты ЖШС директорына қатысты 2 ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды», — делінген ресми мәліметте.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде