jasqazaq.kz

Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

06 сәуiр 2022, 10:25

Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында, Спасская көшесі, 67-үйде, сағат 6:00-ден 12:00-ге дейін лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының лаңкестікке қарсы күрес бойынша жедел штабының мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты — адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Жаттығу міндеттері лаңкестік актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған. «Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеу шаралары болатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығу өткізуге тартылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз», — деп хабарлады жедел штабтың өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде