jasqazaq.kz

Мобильді операторлар министрлікке ауылдарға интернеттің қосылғаны туралы жалған есеп беріп келген

01 сәуiр 2022, 10:35

Мобильді операторлар Цифрлық даму министрлігін ауылдарға интернет қосылды деп алдап келген. Алайда ауыл тұрғындарында желіге қосылу мүмкіндігі болмаған. Бұл туралы министр Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Сандарды салыстырып көрейік. 2019 жылы байланыс сапасын 50 рет тексерген, ал 2021 жылы 560 рет тексеріс жүрді. Бақылау функцияларын күшейткен соң операторлар өздері ауылдарда байланыстың жоқ екенін мойындай бастады. 2022 жылы әлі 200 ауылдың желіге қосылмағаны анықталды, алайда провайдерлер өз есептерінде бұл ауылдарда ғаламтордың бар екенін көрсеткен», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Есеп комитетінің мәліметінше, қазір 900-ге жуық ауылда ғаламторға қосылуда мәселелер байқалған. Олардың басым бөлігі шалғай аймақтарда орналасқан. Цифрлы даму министрлігі тексерісті қатаңдатқан соң провайдерлер шындықты айтқан.

2019 жылы айыппұл мөлшері 15 миллион теңге болса, 2021 жылы провайдерлерге 140 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Енді ведомство мобильді операторларға салынатын айыппұлды 10 есеге көбейтпекші.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде