jasqazaq.kz

Рамазан айында елорда мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды

31 наурыз 2022, 12:50

Рамазан айында елорда мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

«Биыл Рамазан айы 2 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді. Қазіргі таңда елордадағы 12 мешітте Рамазанға қызу дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Елорда әкімдігі 2 сәуірден бастап ораза аяқталғанша қаладағы ірі мешіттерге түнгі автобустар қатынасын қамтамасыз етуді қолға алды. Түнгі автобустар елордадағы 5 мешітке, атап айтсақ, Әзірет Сұлтан мешіті, Әбу Насыр әл-Фараби мешіті, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті, Рыскелді қажы мешіті және Раиса ана мешітіне қатынайтын болады», – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ведомство өкілі Рамазан айына қатысты кез келген сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 109 колл-орталығына хабарласуға болатынын еске салды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде