jasqazaq.kz

Алматыда 8 жасар қызды тонаған күдікті ұсталды (Видео)

28 наурыз 2022, 16:55

Алматыда 8 жасар қызды тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Осы қылмыс туралы полицияға қыздың анасы хабарлаған. Әйелдің айтуынша, қаладағы дәріханалардың бірінде белгісіз ер адам оның кішкентай қызының құлағындағы сырғасын шешіп алған.

– Бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау дерегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада қаскөйдің баланың құлағынан сырғасын қалай алып жатқаны көрсетілген. Ең алдымен, белгілер бойынша күдіктінің жеке сұлбасы құрастырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында біздің бөлімшенің қызметкерлері сол күні 49 жастағы К.есімді қала тұрғынын ұстады. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оның жеке басы бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр, – деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде