jasqazaq.kz

СҚО-да даладан азық таба алмаған еліктер ауылға кіріп жатыр (Видео)

25 наурыз 2022, 11:16

Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік полицей мен қорықшы ауыл тұрғынының шарбағына ілініп қалған елікті құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 наурыз күні Қызылжар ауданы Бескөл ауылы тұрғыны полицияға хабарласып, үйінің маңындағы қоршауға сібір елігінің ілініп қалғанын айтқан. Түз жануарын өздігінен босата алмаған ол полицейлерден көмек сұраған. Оқиға орнына екі көмекшісімен учаскелік полиция инспекторы аттанды.

Сондай-ақ Бескөл аңшылық шаруашылығының аға қорықшысы Юрий Побережник ескертілді. Олар шарбақтан секіріп өтпек болып ілініп қалған елікті еппен босатып, қызметтік автокөлікке салып, мемлекеттік табиғи қорықшаның аумағында босатып жіберді.

«Учаскелік полиция инспекторының жұмысында түрлі жайттар жиі болып тұрады. Бірақ мұндай оқиғаға алғаш рет тап болдым. Сондықтан бұл жұмыста айналаңда болып жатқаннан хабардар, жан жақты болған дұрыс», — дейді учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Рахметов.

Қорықшы Юрий Побережниктің айтуынша, көктемгі ауа райына байланысты қардың беті мұзға айналып, түз жануарларына азық табу қиындаған.

Сондықтан елік ауылға кіріп кеткен.

Жергілікті тұрғынның бейжай қарамауының және тұрғындардың учаскелік полиция инспекторымен тығыз қарым-қатынаста болуының арқасында түз жануары аман қалды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от sqo_pd (@sqo_pd)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде