jasqazaq.kz

Азиз Қожамбетов ҚБФ атқарушы директоры қызметіне тағайындалды

19 наурыз 2022, 15:26

Азиз Қожамбетов Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды  

Бұл жайлы бұйрыққа бүгін қол қойылды.

Азиз Есентайұлы осыған дейін ҚБФ президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Халықаралық дәрежедегі тәжірибесінің арқасында жақында ғана аяқталған Азия бокс конфедерациясының Конгресінде аталған ұйымның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Төрт тілді жетік меңгерген маман 2010-2014 жылдар аралығында ASBC атқарушы директоры қызметін атқарған. World Series of Boxing аясында өнер көрсеткен даңқты «Astana Arlans» клубының негізін қалағандардың бірі.

«Қазақстан бокс федерациясы және еліміздегі барша бокс қауымдастығы Азиз мырзаны шын жүректен құттықтайды. Еліміздегі №1 спорт түрінің дамуына спорт саласында жинаған мол тәжірибесі өз септігін тигізеді деген сенімдеміз. Жаңа қызметте сәттілік, және отандық былғары қолғап шеберлеріне жеңіс тілейміз!»,-делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде