jasqazaq.kz

Жамбыл облысының аумағында бес күн ішінде 10 қару табылды (Видео)

15 наурыз 2022, 14:11

Жамбыл облысының аумағында бес күн ішінде 10 қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылдың қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Осы жылдың наурыздың 7-сі мен 12-і аралығында Жамбыл облысының аумағында 10 қару табылып, тәркіленді. Олардың ішінде төрт Калашников автоматы, екі Макаров тапаншасы, үш аңшылық қару, бір ойық мылтық және әртүрлі калибрлі 400-ден астам патрон бар.

Табылған қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтыны туралы еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі. Егер сізде ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, “102” тетігіне қоңырау шалыңыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде