jasqazaq.kz

Шымкенттегі ковид стационарынан соңғы науқас шығарылды

04 наурыз 2022, 12:29

Шымкенттегі ковид стационарынан соңғы науқас шығарылды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Дәрігерлер коронавируспен емделген 70 жастағы Бисенбек Өсербаевты үйіне шығарып салып, әдеттегі жұмыс кестесіне оралады. Ер адам бірнеше апта вируспен күресті.

Екі жыл ішінде бұл стационарда ондаған мың адам емделді. Бұдан былай КВИ жұқтырды деген күдікке ілінген науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.

«Бүгінде Шымкент қаласы коронавирус инфекциясы бойынша «жасыл» аймаққа өтті. Науқастардың саны айтарлықтай азайды. Осыған байланысты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, яғни «Асар» шағынауданындағы модульдік стационарды уақытша жабу туралы шешім қабылданды», — деді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Ағабаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде