jasqazaq.kz

Елімізде қанша ауылда интернет жоқ?

03 наурыз 2022, 12:34

Елімізде 1 мыңнан астам елді мекен тұрғындары интернетке қол жеткізе алмай отыр. Ұлттық коммуникациялар және цифрландыру қауымдастығының вице-президенті Жанат Асантаева осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рейтингтерге қарамастан Қазақстан халқы сапалы әрі жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізуде қиындықтарға тап болып отыр. Тіпті кей жерлерде оны қолдану мүмкіндігі де жоқ. Мемлекеттік органдардың мәліметіне қарағанда 2020 жылы талшықты-оптикалық байланыс пен интернетке мобильды қолжетімділікті қамтамасыз ететін желі құрылысын салу жобасы аяқталып, 5 532 елді мекен қамтылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, бұған дейін қолданыста болған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында талшықты-оптикалық байланыс желісі ең ірі елді мекендерге жеткізілді. Елді мекендерде автоненттерге дейін байланыс жеткізу мобильді технологиялар арқылы жүзеге асырылады, — деді ол телекоммуникация нарығын демонополизациялау мәселелерін талқылауға арналған Menmedia.kz кросс-медиаплатформасы барысында.

Оның атап өтуінше, әрбір оператор техникалық мүмкіншіліктерге қарай мобильді технологияларды өздері таңдайды.

«Өткен жылдың қарасында Мәжіліс депутаттары бизнестің электронды есеп беруге толық көшуін көздейтін жаңа реттеушілік саясатқа қатысты мәселе көтерді. Бірақ, 1 178 ауылда интернеттің жоқ екендігін анықталып отыр. Мұның үстінде ауыл тұрмақ қалалардың өзінде кей жерлерде байланыс әлсіз. Адамдар көп жиналатын жерде де жүктеменің артуына орай байланыс тұрақты емес. Депутаттардың пайымынша, электронды есеп беруді міндеттейтін норма қабылданған жағдайда еліміз бойынша мыңдаған кәсіпкер қиындыққа тап болар еді», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде