jasqazaq.kz

Өзінің қыз екенін дәлелдей алмай жүр

02 наурыз 2022, 21:22


Тараз қаласының тұрғыны Нұрзат Қалдыбаева бірнеше жылдан бері өзінің қыз екенін дәлелдей алмай келеді. Себебі туу туралы куәлігінде жынысы «ер» деп жазылып кеткен.

Бүгінде бір әулеттің келіні болып отырған Нұрзат жанына батқан жағдайды айтып бармаған жері, қақпаған есігі қалмапты. Алайда Халыққа қызмет көрсету орталығынан да, АХАЖ бөлімінен де ешқандай көмек болмаған көрінеді. Амалы таусылған ару Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа да хат жазып, көмек беруін өтінген.

Арудың адам айтса сенгісіз жағдайын естігеннен кейін облыс әкімінің баспасөз қызметіне хабарласқан едік.

«Негізі Нұрзат Қалдыбаева өтінішін әкімдіктің өтініштерді қабылдау бөліміне жазып қалдырып кеткен. Мамандар өтініш білдіруші азаматша Жамбыл ауданына қарасты Полатқосшы ауылдық округінде туылғанын анықтады. Жерлесіміз сол кезде жұмыс істеген «Сенім» атты жеке емханада жарық дүние есігін ашқан екен. Сондықтан оның құжаттарын табу қиын болып отыр. Десе де қазір Нұрзат Қалдыбаеваға Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі керек. Сол орталықта халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бірнеше түрі бар. Осы арқылы азаматша мұрағат арқылы өз құжаттарын табуға болады», – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік мамандары осындай анықтама берді. Енді Нұрзатқа құжаттарын мұрағаттан іздеу керек болып отыр. Әйтеуір қаракөзіміздің мәселесі оңтайлы шешілсін деп тілейміз.

Дереккөзі: aikyn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде