jasqazaq.kz

Өңірлерде «Жаңа мамандықтар атласы» жасалады

02 наурыз 2022, 17:45

Өңірлерде «Жаңа мамандықтар мен біліктіліктер атласы жасалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде экономикадағы жұмыс орындарының айтарлықтай бөлігі жоғары біліктілікті қажет етпейді. Бұл ондағы жұмысшылардың айлығы мен өнімділігінің төмен болуына ықпал етіп отыр. Осыған байланысты жұмыс күштерінің біліктілігін арттыру қажеттілігі туындайды. Осы бағытта өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құрудың маңызы зор», — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұл істе ол өзге өңірлерге Павлодар облысының тәжірибесін басшылыққа алу керектігін атады. «

Жаңа мамандықтар мен біліктіліктер атласы» жобасын басшылыққа алуды ұсынамын. Бұл азаматтарға келешегі бар мамандықтарға бейімделуге мүмкіндік береді. Павлодар облысында осы жобаның қаншалықты тиімді болғанына талдау жасап көрдім. Арнайы сол жаққа барып келдім. Барлық облыс әкімдерінің орынбасарларына осы жобаны негізге алу керектігі туралы тапсырма бергенмін. Енді соны жүзеге асырудың жолдарын қарастыру керек. Бірақ оған жаныңды, салып, жүрегіңді салып, қандай пайдалы екенін түсіне отырып кірісу керек», — деді вице-премьер.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді