jasqazaq.kz

Елордалық 5 млн теңгесін алаяққа бергенін білмей қалды

01 наурыз 2022, 15:45

Елордада 60 жастағы қала тұрғыны алаяққа жем болып, 5 млн теңгеден астам қаражатынан айырылып қалды.

«Полицияға қала тұрғыны шағымданып, телефон арқылы банк қызметкерімін деп хабарласқан бейтаныс адамның алдау арқылы 5 млн 250 теңге ақша қаражатын алып қойғандығына арыз түсірді. Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласында алаяқтық жасау күдігімен 31 жастағы жігіт ұсталды», — деп атап өтеді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қаскүнемнің өзін банктің қауіпсіздік қызметі қызметкерімін деп таныстырғанын, зардап шегушіге ұялы телефондағы қосымшасынан күдікті операция жүргізілгендігін айтып, сендіргенін анықтады. Осыдан кейін алаяқ зардап шегушіге ескі қосымшасын бұғаттап, жаңасын ашуға кеңес берген. Әңгімелесу барысында жігіт сыпайылық танытып, әйелдің сеніміне кірген. Жаңа қосымша ашылғаннан кейін алаяқ зардап шегушінің барлық ақшасын KIWI әмиянға аударып алған.

«Күдіктіден 10 банк картасы тәркіленді. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша оқшаулағышына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы 3 тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар өзге де адамдарды табу, алаяқтардан басқа да зардап шеккендерді анықтау бағытында тергеу іс-шаралары қолға алынды», — деп атап өтеді департаменттен.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді