jasqazaq.kz

Сібірде 750-ден астам елді мекенді су басуы мүмкін

01 наурыз 2022, 10:26

Егер жағдай қолайсыз болса, Сібір федералды округінің (СФД) аймақтарында 190 мың халқы бар 750-ден астам елді мекенді су басуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Сібір федералды округі субъектілеріндегі су тасқынына және өрт қауіпті кезеңіне дайындық мәселелері бойынша өткен кеңесте РФ Президентінің Сібір федералды округіндегі өкілетті өкілі Анатолий Серышев мәлімдеді. «Көктем жақындап келеді, осы кезеңде Сібірде ауа райы құбылмалы болады, жағдайдың күрт өзгеруіне бәріміз дайын болуымыз керек. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, егер жағдай ушығатын болса, өңірлерде шамамен 190 мың тұрғыны бар 750-ден астам елді мекен, 400 шақырымнан астам жол және 200-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысанды су басуы мүмкін, — деді ол. Өкілетті өкіл билікке Ресей Төтенше жағдайлар министрлігімен және басқа құрылымдармен бірлесіп, қауіп пен ықтимал зардаптарды азайту үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде