jasqazaq.kz

Атырау облысындағы бірқатар ауданды қар суы басты

28 ақпан 2022, 14:57

Атырау облысындағы бірқатар ауданды қар суы басты, — деп хабарлайды qazaqstan.tv арнасы.

Телеарна мәліметінше, Атырау облысындағы Қызылқоға және Индер ауданының орталығын қар суы басқан. 4 күн ішінде Миялы елдімекенінен 750 текше метр, ал Жарсуат ауылынан 2000 текше метрге жуық, сондай-ақ, Индерден 500 тоннадай су сорылған.

Қазір мамандар әкімдікпен бірігіп, күн-түн демей ауысыммен жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Жауаптылардың айтуынша, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға зиян келмеген. Ал жергілікті билік өңірде жағдай тұрақты екенін, елдімекендерді су басу қаупі жоқ екенін айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде