jasqazaq.kz

ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтату жөнінде ұсыным берді

25 ақпан 2022, 15:53

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жайында комиссияның ресми сайтында жарияланған құжаттан белгілі болды.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін» делінген құжатта.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде