
АҚШ-тың Нью-Джерси штатында бес жасар бала мектепке героин алып келген. Ол есірткіні таңғы асқа арналған қорапшаға салыпты. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Мұғалім баланың әлденемен ойнап отырғанын байқап қалады. Ол зер салып қараған кезде баланың қолындағы заттың ұқыптап оралғанын байқайды. Ұстаз баланың қорапшасынан күдікті қалташаға салынған 29 затты тауып алған.
Сараптама барысында оның есірткі екені анықталады. Баланы тексеруден өткізген дәрігерлер героинның оның организмінде жоқ деген қорытындыға келген.
Қазіргі таңда әлі ешкім тұтқынға алынбады. Полиция героиннің баланың қолына қайдан түскенін анықтап жатыр.