jasqazaq.kz

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы: «Челси» жеңіске жетіп, «Ювентус» тең түсті

23 ақпан 2022, 10:15

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында 22 ақпанда тағы екі ойын өткізілді.

Бұл күні «Вильярреал» (Испания) және «Ювентус» (Италия), «Челси» (Англия) және «Лилль» (Франция) командалары шеберлік байқасты. «Вильярреал» және «Ювентус» кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталды. Итальяндық командадан Душан Влахович 1-минутта соққан голға испаниялық клубтан Дани Парехо голмен жауап қайырды. «Челси» өз алаңында «Лилль» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ағылшындық клубтан Кай Хаверц 8, Кристиан Пулишич 63-минуттарда мергендік танытты. Енді қарымта кездесу 16 наурызға белгіленген. Айта кетсек, 23 ақпанда «Бенфика» (Португалия) мен «Аякс» (Нидерланды), «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Юнайтед» (Англия) командалары кездеседі. Еске салсақ, 15 ақпанда «Пари Сен-Жермен» (Франция) «Реал Мадрид» (Испания) командасын 1:0 есебімен тізе бүктірсе, «Спортинг» (Португалия) өз алаңында «Манчестер Сити» (Англия) клубынан 0:5 есебімен ойсырай жеңілді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде