jasqazaq.kz

Өзін полицей ретінде таныстырып, жұртты тонаған алматылық ұсталды

19 ақпан 2022, 14:26

Алматылық жігіт өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырып, жұртты тонаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 21 жастағы У. есімді азаматтың іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сараланған. «Жалға алынған көлікке мінген жас жігіт көшеде жасөспірімдерді тоқтатып, заттарын көрсетуді талап етіп, түрлі сылтаулармен ұялы телефон, ақша және басқа да бағалы заттарды алып алған. Тағы бір жағдайда күдікті шағын дүкендерге барып, азық-түлік алып, келесі күні ақшаны әкелуге уәде берген. Жас жігіт бір тәулікке пәтер жалдап, кейін сол пәтерді тонап кеткен», – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов. Бүгінгі күні оның жеті алаяқтық, екі тонау және бір пәтер ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді. Жас жігіт бұл қылмыстарын мойындады. «Ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу барысында оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды»,- дейді полиция өкілі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде