jasqazaq.kz

Қаңтар оқиғасы: кәмелетке толмаған зардап шеккендер саны белгілі болды

18 ақпан 2022, 15:01

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәмелетке толмаған балалардың санын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезеңінде медициналық ұйымға 2 740 зардап шегуші жүгінген. Оның ішінде 1 843 адамға амбулаторлық көмек көрсетілсе, 897 адам ауруханаға жатқызылған. Оның айтуынша, бүгінде 891 науқас емделіп шыққан.

«Медициналық ұйымдарда 177 адам қайтыс болды. Бүгінде алты адам ауруханада емделіп жатыр. Алматы мен Қызылордада үш науқастың жағдайы ауыр, біреуі оқ жарақатын алған, емделіп жатыр. Үш облыста кәмелетке толмаған балалар зардап шеккен. Алматыда екіуі оқ жарақатынан қаза болды, жетеуі түрлі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде төрт жасөсіпірм Алматы қаласында, екеуі Алматы облысында және біреуі Жамбыл облысында. Сондай-ақ, Алматы облысында бір жүкті әйел газдан зардап шекті», — деді Байсеркин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, осы кезеңде 20 денсаулық сақтау нысанына шабуыл жасалған. Оның ішінде бесеуі аурухана, бір алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемесі, Алматы қаласында орналасқан 14 дәріхана.

«7 медицина қызметкері зардап шекті, олардың бесеуі Алматыда, біреуі Шымкентте және Алматы облысында. 46 жедел жәрдем көлігі зақымданды. Олардың ең көбі Алматы қаласында — 32 автокөлік және төртеуі жөндеуге келмейді», — деді Байсеркин.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде