jasqazaq.kz

Қарағандыда 2 тонна бензин жерге төгілді (Видео)

16 ақпан 2022, 15:19

Қарағанды қаласының 15 магистраль жолында бензин тасымалдайтын жүк көлігі аударылып қалды. Апат салдарынан жолға 2 тоннаға жуық жанар-жағармай төгілді.

16 ақпанда сағат 12:15-те Қарағанды қаласының 15 магистралі мен Попов көшесінің қиылысында бензин тасымалдайтын көлік аударылып қалды. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес «КамАЗ» (бензин тасушы) автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, салдарынан 20 тонналық жартылай тіркеме аударылып кеткен. Оқиға нәтижесінде жол төсеміне 2 тоннаға жуық бензин төгілді.

«Отынның төгілген жерінде өрт пайда болған жоқ, бензин 300 ш. м. жерге жайылып кетті. ТЖД күшімен бензин төгілген жерге ауа-механикалық көбік құйылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Полиция күшімен жол учаскесі уақытша жабылды. Цистерна ТЖД және «ГазОйлПром» ЖШС бірлескен күштерімен көтерілді», — деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бұл факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде