jasqazaq.kz

Ауыл мектебінің қазандығында жарылыс болды: бір адам көз жұмды

15 ақпан 2022, 12:55

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Құрманғазы атындағы орта мектептің қазандығында жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«15 ақпан сағат 08:05-те Сайрам ауданындағы (Қайнар бұлақ ауылдық округі, Ошақты елді мекені, Рысқұлов көшесі, 19 а) Құрманғазы атындағы орта мектептің аумағында жеке тұрған қазандықта бу жіберетін қазан жарылып, 20 шаршы метр болатын шатыр қирады»,- делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство өртке қарсы қызмет шақырылмағанын атап өтті.

Жарылыс салдарынан 1963 жылы туған от жағушы оқиға орнында көз жұмды.

«Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен екі техникасы, полиция департаментінің сегіз қызметкері мен екі техникасы жұмыс істеді», – деді ведомстводан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде