jasqazaq.kz

Қазақстанда майнерлерге салынатын салық 10 есе өспек

15 ақпан 2022, 11:35

Қазақстанда цифрлық майнингке тұтынылған электр энергиясының әр 1 киловатт-сағатына 10 теңге салық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, ведомство майнингке салықты бірнеше есе ұлғайту бойынша тиісті тәсілдерді пысықтап жатыр.

«Бүгінгі таңда шамамен 640 МВт электр қуатын ресми тіркелген майнингтік компаниялар тұтынады. Сонымен қатар «көлеңкелі» майнингті тұтыну ресми тіркеуді талап етеді», — деді министр үкімет отырысында.

Қуантыровтың айтуынша, майнингтік компаниялар электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан немесе реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан тұтынады. Мұның басты себебі – тарифтің тартымдылығы.

Осыған байланысты министрлік тұтынған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына салық ставкасын 1 теңгеден 10 теңгеге дейін өсіруді көздеп отыр.

Сондай-ақ майнингтік фермалар үшін неғұрлым жоғары тарифтер белгілеу үшін оларды энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларының жеке тобына бөлу жоспарлануда.

Айта кетері, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнингке салық салына бастады. Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін майнингтік фермалар тұтынған электр энергиясының әр 1 киловатт-сағатына 1 теңгеден төлейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде