jasqazaq.kz

Елордалық депутат көпбалалы аналарды балағаттады (Видео)

11 ақпан 2022, 22:19

Елордалық депутат, ірі құрылыс компаниясының басшысы көпбалалы аналарды балағаттады. Аяқ астынан дүрсе қоя берген әйелдердің ісіне Ғабит Сәтмағамбетов ашуланған көрінеді. Жаға ұстатарлық жағдай қала әкімдігінде болды. Жағдайын айтпақ болған аналарды тыңдаудың орнына бейәдеп сөз қайтарған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Вот-вот, еще один депутат сбежал. Сбежал. Сюда подойдите. Сюда. Сюда давай. Не надо себя так вести. Идите в задницу.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан бейнежазбаға қатысты мәслихат депутаты тек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді. Айтуынша, көпбалалы аналар әдейі арандатқан. Әйтпесе Ғабит Сәтмағамбетов сол әйелдерге көмектесуден кенде емес екен. Ол басқаратын құрылыс компаниясы қоғамның осы топ өкілдеріне бүгінгі күнге дейін 20 баспана сыйлапты. Ауру балалардан да ақша аямадым депті депутат. Енді мына жағдайдан кейін құрылыс магнаты көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасаудан бас тартпақ. Сәтмағамбетовтің әрекетіне мәслихаттағы әріптестері үн қатқан жоқ.

Ғабит Сәтмағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты:

— Мен, Ғабит Сәтмағамбетов қайырымдылық қорының иесі ретінде, көпбалалы аналарға қандай да бір қайырымдылық көмек көрсетуді тоқтатамын. Олардың осындай қарым-қатынасынан кейін, менің көмектесуге деген ниетім қалмады. Кідіріс жасаймын деп шештім. Өздеріңіз таразыға салып көріңіздер. Көп рақмет!

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде