Оңтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Е.Көкебаевты тұтқындады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Е.Көкебаев өзінің қызметтік мансабын пайдаланып, жеке басының қамы үшін 1 000 000 теңге пара алғандығы анықталды. Параны жеке тұлғадан салық төлеушінің нақты кірісі мен шығынын жасыру үшін алған», — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі.+
Қазір Е.Көкебаев Шымкент қаласының ІІБ уақытша қамау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.