jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтандағы балабақшалардың бірінде бала ауыр жарақат алды (Видео)

11 ақпан 2022, 14:15

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы балабақшалардың бірінде бүлдіршіннің баспалдақтан құлап, жарақат алғаны туралы видео пайда болды, деп жазады Stan.kz.

Шағымын жазған тұрғынның айтуынша, оқиға 9 ақпан күні Нұр-Сұлтандағы № 53 Мерей балабақшасында болған.

«Тәрбиеші сағат 7:44-те баланы алып кеткен. Ал екінші қабатқа көтеріліп бара жатқанда құлап қалған. Балам ешқандай қорғалмаған кафельді баспалдаққа басымен құлағанын көруге болады. Тәрбиеші маған сағат 7:59-да бір-ақ хабарлады. Яғни ата-анасына айтпай 15 минут бойы үнсіз қалған. Балабақшаға келсем олар жедел жәрдем шақырудың орнына баламды таңғы асқа отырғызып қойған. Сол жерде жұмыс істейтін медицина қызметкері зақымдану дәрежесін біліп, көріп тұрса да баланың ашық жараларын барлығынан жасыру үшін стерилденбеген жабыстырғыш жабыстырып қойған”, — деп жазды баланың анасы.

Сондай-ақ жазбада ата-анасы меңгерушіні күтпей, баласын өз көліктерімен ауруханаған алып кеткені айтылды.

«Хирург, травматолог, лор және офтальмолог шақырылды. Хирург жараларды көріп, уайымдап дереу операция бөлмесін дайындауды бұйырды. Лейкопластырьды алғанда менің басым айналып кетті. Баламның бас сүйегін көрдім, яғни жұмсақ тіндер бас сүйегіне дейін жыртылып кеткен. Хирург оны алып кеткенде маған: «соққы кезінде жүйке тамырлары үзілген болуы мүмкін” деді. Жараларын тігіп беретінін, әзірге көзін ашып-жұма алмайтынын айтты. Сондай-ақ көзінде мәселе болуы мүмкін екенін жеткізді. Қазір балам бақылауда, ол әдеттегідей ойнамайды. Әдеттегідей көп те сөйлемейді. Оған қарасам жүрегім ауырады. Болған оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етемін!»- деп жазған астаналық.

Осы жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан білім басқармасы пікір білдірді.

“Аталған факті бойынша, 10 ақпаннан бастап «Еркетай» тобының тәрбиешісі Қ.Ж.Рахат пен балабақшаның медицина қызметкері А. О. Омербаеваның еңбек шарттары бұзылып, жұмыстан шығарылды. Тиісті бақылаудың болмауына байланысты мектепке дейінгі ұйымның қызметіне басшы тарапынан тәртіптік комиссияның отырысы өткізілетін болады”, – деп хабарлады білім басқармасынан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде