jasqazaq.kz

Ат мініп танылған генерал Маңғыстау облысының Полиция басшысы болды

10 ақпан 2022, 15:45

 Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы қызметіне Аян Дүйсембаев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне Аян Дүйсембаев тағайындалды», — делінген хабарламада.

Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа басшысын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев таныстырды. Аян Сәбитұлы Дүйсембаев 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1999 жылы Алматы қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметі бөлімінің жедел уәкілі болып қызметін бастаған. 2012 жылдан бастап Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2016 жылдан 2019 жылға дейін осы департаменттің бастығы қызметін атқарған. 2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Жаңа лауазымына дейін ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде