jasqazaq.kz

Тоқаев Маңғыстаудағы ахуал туралы: Проблемамен айналысуды әкімдікке ғана жүктеп қоюға болмайды

08 ақпан 2022, 12:36

Маңғыстау облысындағы ахуал оңай емес. Бұл туралы Үкіметтің кеңетілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстағы ахуал расында оңай емес. Менің тапсырмам бойынша осы өңірді дамытуға қатысты кешенді жоспар қабылданды. Бұл құжат биыл тағы да пысықталды. Соған сәйкес қомақты қаржы бөлу көзделген. Қаражат бірінші кезектегі міндеттерді шешуге жұмсалуы тиіс. Сондықтан істі созбалаңға салмай дереу жұмысқа кірісу керек», — деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қабылданған шараларға қарамастан еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келеді.

«Оны ашық айту керек. Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуға тиіс. Кәсіподақ жетекшілерімен және жұмысшылары шеруге шығып жатқан компания иелерімен сындарлы диалог орнату қажет. Қабылданған шешімнің бәрін қарапайым жұмысшыларға дұрыстап түсіндіру керек. Проблемамен айналысуды әкімдікке ғана жүктеп қоюға болмайды. Оларды қолдап, туындаған мәселені бірлесе қараған жөн. Наразылық білдірген азаматтардың проблемаларын шешу үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры тығыз жұмыс істеуі тиіс. Қажет болса үкіметтік арнайы комиссияны тағы да Маңғыстау облысына жіберу керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде