jasqazaq.kz

Маңғыстау облысының әкімі наразылыққа шыққан жұмысшыларға қатысты үндеу жасады

08 ақпан 2022, 10:33

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін, 7 қаңтарда Ақтауда жалақысын 100 пайызға көтеруді талап етіп, наразылыққа шыққан «МАЭК — Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жұмысшыларына қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

Құрметті маңғыстаулықтар! Қаңтар айының басында Қазақстан тап болған оқиғалар еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндірген күрделі кезең болды. Елге қауіп төнген кезде Мемлекет басшысы барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, бірқатар нақты шешім қабылдады. Мемлекет басшысы жаңа міндеттер қойып, Қазақстанның даму жолының жаңа кезеңін айқындады. Біздің мақсатымыз — болашақта осындай жалпыұлттық трагедияларға жол бермеу. Ал бұл үшін «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, халық игілігі үшін жұмыла жұмыстану аса маңызды.

Сондай-ақ әкім Маңғыстау тарихи өнеркәсіптік өңір екенін, аймақтағы өндірістік компаниялардың қызметі облыстың дамуында аса маңызды рөл атқаратынын баса атап өтті.

Нұрлан Ноғаев:

Бүгінгі таңда өңірде бірнеше кәсіпорын өкілдері жұмыс берушілердің алдына түрлі сипаттағы мәселелерді қойып отыр. Оның ішінде еңбек ақының өсуіне қатысты сұрақтар да бар. Талап қоюшылардың арасында облыс тұрғындарын ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін МАЭК мекемесінің өкілдері де бар. Қазір жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында еңбек арбитражы басталады.

Оның айтуынша, еңбек арбитражына қала әкімі, Энергетика министрлігінің өкілдері, еңбек қатынастары жөніндегі мамандар, қызметкерлер, жұмыс беруші және қоғам өкілдері қатысады. Комиссияның міндеті — кәсіпорынға өзінің негізгі қызметіне оралуға мүмкіндік беретін оңтайлы шешімді табу.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

Құрметті маңғыстаулықтар! Халық пен елдің игілігі үшін баршаңызды сабыр сақтап, түсіністік танытуға шақырамын. Мемлекет басшысы реформалар жоспарын және оларды іске асыру жөніндегі нақты шараларды ұсынды. Біз бұл тапсырмаларды кезең-кезеңмен жүзеге асыруды бастап кеттік. Барлық қиындықтың уақытша екендігі маған да, сіздерге де белгілі. Сондықтан тұрақтылықты сақтап, конструктивті диалогқа, нақты және сындарлы өзгерістерге үлес қосуға шақырамын. Біз біргеміз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде