jasqazaq.kz

Антикор қызметкері полициядан қашып көліктерді талқандаған

03 ақпан 2022, 23:09

Қарағанды облысында сыбайлас жеқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкері полицейлерді әбден әуреге салды. Жүгенсіз жүргізуші тәртіп сақшыларынан қашып жол-жөнекей бөтен көліктерді талқандап тастаған. Ақырында ұсталғанымен, наркологиялық орталықта қиғылық салды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Не себепті қарсы шығасыз? Сіз заң қызметкерісіз. Отырыңыз, менде бастан-аяқ видеосы бар, міне. Енді сіз анаған үрлеңі.

— Үрлемеймін. Мен заңды білемін, құқығымды білемін.

Өз құқығын жақсы білетін антикор қызметкері түтікшеге үрлеуден бас тартып, сараптамаға қанын тапсырған. Оның қорытындысы бірден шықпайды. Дегенмен тәртіп сақшылары оның мас күйінде көлік жүргізгенін айтады. Полицияның айтуынша олар бір кафедегі жанжалға шақыртумен келген. Сол жерден осы жігіт сытылып шығып, көлікке міне сала тұра қашыпты. Жолай көлік апатын жасап қарасын батырмақ болғанымен, ақыры ұсталған. Жемқорлықа қарсы күрес агенттігі осы жағдайға балйнысты қызметтік тексеріс бастағанын айтады.

Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

— Жедел әрекет етуде автокөлік басқарған 38 жастағы азамат ұсталды. Көлік жүргізушісі медициналық куәландырудан бас тартып, қан тапсырған. Сол қанның талдау қорытындысына сәйкес бұл оқиға бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде