jasqazaq.kz

Алматы облысында 102 жемқор сотталды

03 ақпан 2022, 16:28

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментімен өткен жылдың қорытындысы бойынша 166 адамқылмыстық жауапкершілікке тартылып, 102-сі сотталды.

Бұл мәліметті Департамент басшысының орынбасары Facebookжелісінде өткен «AntikorLIVE» жобасының тікелей эфирінде айтты.

Ведомство басшысының орынбасары 2021 жылды қорытындылай отырып, превенция және жедел-тергеу бағыты бойынша жұмыс нәтижелерін жеткізді.

«Департамент 2021 жылдың 12 айында 101 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 75 қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 166 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 23 адам әртүрлі дәрежедегі бірінші басшылар. 102 адам сотталды, оның ішінде 87 адамға 250,4 млн. астам сомаға айыппұл салынды. Бас бостандығынан 8 адам айырылды. Тағы 8 адамның мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырылды», — деді Жандос Жұмабаев.

Департамент басшысының ақпаратына сәйкес,Департамент Мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу барысында облыс бюджетін тиімсіз қолданбақ болған мекемелерді анықтап, 11 млрд. теңгеге жуық қаражатты үнемдеп қалған. Облыста 425мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс лауазымдары енгізілген.

«Биыл департамент мамандары жемқорлық тәуекелдері бар мемлекеттік мекемелерге 8 ішкі талдау шарасын жүргізді. Нәтижесінде 143 дерек тіркеліп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 100%-ы, яғни, 143 ұсыным орындалды», — деді ведомство басшысының орынбасары.

Айта кету керек, өткен жылғы аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 3,9 млрд.теңгені құрады, оның 3,8 млрд. теңгесіөтелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде