jasqazaq.kz

Ауруханаға тастап кеткен: Алматыда 2 жасар бала жарты жыл бойы ата-анасын күтіп жүр

31 қантар 2022, 23:14

Әлеуметтік желілерде қыркүйек айынан бері Алматыдағы қалалық ауруханалардың бірінде екі жасар баланың ата-анасының қарауынсыз жатқаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz .

Полицейлердің мәліметінше, бала 2021 жылдың 22 қыркүйегінде Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында табылған. Ол кезде баланың әкесі қасында болған.

«Қызметкерлер оларды Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізген. Ер адам баланың әкесі екенін айтқан, бірақ баланың құжаттары болмай шығады. Оның айтуынша, олар Жамбыл облысы Меркі ауылынан келген. Ер адам баланың анасы кетіп қалғанын және балаға құжат жасалмағанын, тұратын жерлерінің жоқ екенін алға тартқан», – деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен полицейлер оны тексеру және емдеу үшін ауруханаға жеткізді. Баланың жағдайын тексерген дәрігерлер оның сау екенін айтты.

«Әкесінің айтуынша, бала 2020 жылы туған, бірақ растайтын құжаттары жоқ. Түскен кезде бала барлық тексеруден өткен. Олардың қорытындысы бойынша патологиялар анықталмаған, сау. Барлық науқастармен бірге гематология бөліміне жатқызылған. Баланы қабылдағаннан кейін ата-анасы келіп, еш жерде жұмыс істемейтіндерін, тұрғылықты жері жоқ екенін айтты», – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Рауан Оқас.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, сараптамадан кейін баланың ісі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберілген. Онда 36 жастағы әке баласы ауруханада жатқанда құжаттарын рәсімдеп, баспана табамын деп уәде берген. Алайда содан кейін ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Біздің қызметкерлер бірнеше рет ер адам тұратын аумаққа барып, оны іздеген, бірақ нәтиже болмаған. Анасы мен әкесін ата-аналық құқығынан айыру үшін де құжаттар қажет», — деп қосты Салтанат Әзірбек.

Жақын арада Әуезов ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органы балаға ат қою туралы актке қол қоятыны атап өтілді. Осыдан кейін туу туралы куәлік алу үшін баланың құжаттары АХАЖ бөліміне тапсырылады. Содан кейін мамандандырылған балалар үйіне ауыстырылады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде