
Чехияда көлік шығаратын Skoda автоконцернінің қоймасы отқа оранды. Қызыл жалынның қатты болғаны соншалық, өрт сөндірушілер алты сағат бойы отпен арпалысқан. Skoda автоконцернінің барлық қоймалары өртенген. Бұл туралы REN-TV арнасына сілтеме жасап Jasqazaq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұның бәрі Прагаға жақын маңда болды. Белгісіз себептермен қосалқы бөлшектер салынған қораптар, ағаш поддондар өртеніп кеткен. Бірнеше минуттың ішінде орасан аумақты шарпыған өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтіріпті.
Түнде басталған жалынды өрт сөндірушілер таңертең ауыздықтады. Бір түнде миллиондаған авто бөлшек жойылды. Алдын ала есеп бойынша, шығын көлемі шамамен 50 миллион долларды құраған. Бұл алып автоөндіруші үшін орасан зор соққы.