jasqazaq.kz

Қарағандыда фирма директорын пышақтап кетті

27 қантар 2022, 17:32

Қарағанды қаласындағы бизнес орталықта 55 жастағы ер адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды қалалық полиция басқармасына екі ер адамның жанжалдасып қалғаны туралы хабар түскен. Бетперде киген белгісіз ер адам дәлізде 55 жастағы фирма директорымен сөзге келіп қалған. Жанжал кезінде ол бәкісін алып шығып, қарсыласына бірнеше рет тыққан. Жәбірленуші ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

«Жедел іздестіру шаралары кезінде 30 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды», — дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру)бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде