jasqazaq.kz

Павлодарда кәріз құдығында тұрып жатқан екі ағайынды құтқарылды (Видео)

26 қантар 2022, 11:05

VITA Павлодар жасағының еріктілері ағайынды Яренколар туралы алғаш рет оларды тамақтандырған қала тұрғындарынан білген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Олар ватсап арқылы еріктілерге кәріз құдығында тұратын құжаттары жоқ үйсіз жүрген ағайындыларға көмек көрсетуді сұрап, бірінің аяғы жарақаттанғанын, ал екіншісінің қолы жансызданып қалғанын жазған.

– Екі күн бойы ағайындарды таба алмадық. Кейінірек олардың адамдардың қатыгездігінен қорқып, құдық ашылған кезде сонда жасырынғанын білдік. Танысқаннан соң оларға тағы бірнеше күн тамақ, аяқ киім әкелдік, өйткені ағайындыларда екі адамға арналған бір ғана етік және термоноски болды, – дейді еріктілер.

Бұдан кейін олар қалалық әлеуметтік қорғау бөліміне көмек сұрап жүгінген. Осыдан кейін қайта әлеуметтендіру орталығындағы қоғамдық белсенділермен байланысқа шығып, «әлеуметтік патруль» мобильді топ жіберілді.

Ағайындыларды құдықтан шығуға көмектесіп, алғашқы медициналық тексеруден өткізетін орталыққа жеткізілді. Еріктілер ер адамдар аяққа тұрып, жұмысқа барып, жәрдемақы алу үшін құжаттарын алғанға дейін орталықта тұра алады деп үміттенеді.

– Бізден бұрын ағайындарды тамақтандырған, олар жайлы бізге хабарлаған әйелдерге рахмет, — дейді VITA жасағының іздеушілері.

Еріктілер қалалықтардан көмекке мұқтаж үйсіз адамдардың орналасқан жерін білген жағдайда немесе оларға азық-түлікпен көмектесуге ниет болса, директке немесе WhatsАpp 8 747 615 55 63 нөміріне, Катеринаға жазуды сұрайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде